Мумбайда 5 қабатты үй құлады

Фотография - Мумбайда 5 қабатты үй құлады

Үндістанның Мумбай қаласында 5 қабатты тұрғын үй құлады

157 0

Үндістанның Мумбай қаласында 5 қабатты тұрғын үй құлады деп хабарлайды Agence France-Presse.

Қазіргі таңда үйінділер астында қанша адамның қалғаны белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға таңғы уақытта орын алған және бұл сәтте ғимарат ішінде шамамен алпысқа жуық адам болған көрінеді. Ал, тәртіп сақшылары болса тұрғын үй құлаған сәтте оның ішінде 20-25 адам болды дегенді айтып отыр.

Әзірге олардың қаншауы көз жұмып, қаншауы жарақат алғандығы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Мумбайдағы ғимараттың құлауы алғашқы рет емес. Маусым айында үш қабатты нысан опырылып түсіп, үйінділер астынан 10 адамның мәйіті шығарылған болатын. Ал, сәуір айында 7 қабатты ғимарат жермен-жексен болып, ішінде болған 74 адам көз жұмған еді.

Үйлердің құлауына құрылысшылар мен биліктегілер кінәлі дейді мамандар. Өйткені, нысан құрылысын жылдам аяқтау үшін оның сапасына аса мән берілмейтін көрінеді. Ал, биліктегілер болса жемқорлыққа жол беріп, аталған ғимараттарды қабылдап алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!