Керри Иран сыртқы істер министрімен кездесті

Фотография - Керри Иран сыртқы істер министрімен кездесті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесті

117 0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Керри мен Жавад Зариф Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясының жиыны кезінде аз ғана уақытқа кездескен. Керри "Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымын жұмсарта бастағанына" көңілі толатынын білдірген. Бірақ ол Жавад Зарифпен бір ғана кездесу "Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылығын сейілте алмайтынын", Тегеран алаңдаушылықтарды жою жолында жұмыс істеуі қажеттігін" ескертті.

Керридің жеке кездесуіне дейін Жавад Зариф пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше өзге төрт ел және Германия сыртқы істер министрлері ассамблея жиынының арасында бір кездесіп алған.

Иран мен Қауіпсізідк кеңесінің бес елі - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания мен Франция және Германия келесі айда Женевада келіссөздерді ары қарай жалғастыруға келісті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!