Үндістанда жолаушылар мінген автобус терең сайға құлап, 19 адам қаза тапты

Фотография - Үндістанда жолаушылар мінген автобус терең сайға құлап, 19 адам қаза тапты

27 қыркүйек күнгі таңертеңгі уақытта Үндістанның солтүстігінде ірі жол апаты орын алды. Химачал-Прадеш штатының Сирмур өңірінде 20 жолаушы мінген автобус терең сайға құлап, 19 адам мерт болды

168 0

27 қыркүйек күнгі таңертеңгі уақытта Үндістанның солтүстігінде ірі жол апаты орын алды. Химачал-Прадеш штатының Сирмур өңірінде 20 жолаушы мінген автобус терең сайға құлап, 19 адам мерт болды, деп хабарлайды РБК.

Times of India хабарлағандай, автобус 180 м биіктіктен құлаған. Қазіргі уақытта полиция жол апатының себептерін анықтауда. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиғаға техникалық ақау себеп болған.

Құтқарушылар сынықтардың астынан 18 адамның мүрдесін алып шықты. Көптеген мүрделер танымастай болып бүлінген. Апат құрбандарының көпшілігі жергілікті тұрғындар. Полиция мәліметтеріне қарағанда, олардың барлығы оқиға орнында қаза тапқан, тағы бір жолаушы Дадхау қаласының ауруханасында көз жұмды.

Жол апатынан аман қалған жалғыз ер адам ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр.

Губернатор және штаттың бас министрі қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Үндістан жолдарында апат жиі болып тұрады. Апатқа жолдар мен автокөліктердің жағдайының нашарлығы, сондай-ақ, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзуы себеп болады. Бұл ел жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша жетекші орында.

2013 жылдың мамыр айында дәл осы штатта лық толған жолаушылар автобусы тау жарынан Беас өзеніне құлап кеткен. Ол кезде 35 адам қаза тауп, 14 адам зардап шеккен болатын. Бұрын хабарлағанымыздай, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған.

Наурыз айында да осыған ұқсас жол апаты орын алды. Гоадан Мумбаиге келе жатқан жолаушылар автобусы Үндістанның батысындағы Махараштра штатында жол апатына ұшыраған. Жүргізуші рульге ие бола алмай, автобус жол қоршауына соғылып барып биік көпірден кеуіп қалған өзен арнасына құлаған.

Қайғылы оқиғаның салдарынан 37 адам қаза тауып, 10 жолаушы әр түрлі жарақат алды. Зардап шеккендер арасында шетел азаматтары, соның ішінде мәскеулік Мария Костеневская болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!