Әлемдегі ең байырғы газет баспа түріндегі нұсқасын жабады

Фотография - Әлемдегі ең байырғы газет баспа түріндегі нұсқасын жабады

Осы кезге дейін баспа түрінде шығып келген Лондондық әлемдегі ең байырғы газет Lloyd's List 20 желтоқсаннан бастап қағаз нұсқасын шығаруды тоқтатады. Бұл туралы басылымның сайтында мәлім етілді

219 0

Осы кезге дейін баспа түрінде шығып келген Лондондық әлемдегі ең байырғы газет Lloyd's List 20 желтоқсаннан бастап қағаз нұсқасын шығаруды тоқтатады. Бұл туралы басылымның сайтында мәлім етілді, деп хабарлады Лента.ру.

Lloyd's List редакциясының хабарлауынша, зерттеу нәтижесінде газеттің басылым түріндегі нұсқасын екі пайыздан да аз оқырман оқиды екен. Соңғы жылдары әлемдегі теңіз саудасына маманданып отырған Lloyd's List газеті сандық және ұялы платформаларға қаржы салды. Баспа түрінде шығарудан бас тарту басшылыққа осы бағыттағы оқырмандар сауалын жақсырақ қанағаттандыруға мүмкіндік бермек.

«Сандық платформалар әртүрлі және тиімді ақпарат алмасуға молырақ мүмкіндік туғызады», - делінген редакцияның мәлімдемесінде. Егер XVIII ғасырда газет парақтары дәмханалардың қабырғаларына жапсырылған болса, енді оқырмандар осы дәмханаларда отырып-ақ өздерінің планшеттері мен смартфондары арқылы басылымды оқи алады».

«Біздің газетіміздің үш жүз жылдық тарихы бар, ал теңіз саудасы - консервативтік сала, сондықтан да біз тәуекелге барып отырғанымызды түсінеміз және онлайн-нұсқаға көшуге аса қауіптенбейміз», - деді Lloyd's List газетінің бас редакторы Ричард Мид.

Lloyd's List газеті Лондонда 1734 жылдан бері шығып келеді. Оның шығарушысы британдық Informa компаниясы.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!