500-ден астам адам Пәкістанда болған жер сілкінісінің құрбаны болды

Фотография - 500-ден астам адам Пәкістанда болған жер сілкінісінің құрбаны болды

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында сейсенбі күні орын алған жер сілкінісі құрбандарының саны 515 адамға дейін көбейді

122 0

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында сейсенбі күні орын алған жер сілкінісі құрбандарының саны 515 адамға дейін көбейді.

Жүздеген адам жарақат алды. Медицина қызметкерлері ауруханаларда барлық зардап шеккендерге орын жетпейтінін мәлімдеді. Әскерлер тікұшақтармен оларды көршілес аймақтарға шығаруда.

Сейсмологтардың ақпаратына қарағанда, зілзала кіндігі Аваран қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 66 шақырымда Белуджистан провинциясының аумағында, ал жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған. Ең күшті дүмпудің тербелісі 5,9 балға жеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!