Сербияда гомосексуалдар наразылық білдірді

Фотография - Сербияда гомосексуалдар наразылық білдірді

27 қыркүйек күні кешке Сербия астанасы Белград қаласында ондаған жыныстық азшылық өкілдері гей-парадқа шықты

227 0

27 қыркүйек күні кешке Сербия астанасы Белград қаласында ондаған жыныстық азшылық өкілдері гей-парадқа шықты. Гомосексуалдар мұның алдында қала әкімдігіне осы демалыс күндері шеру өткізуге өтініш түсірген. Белград әкімдігі "оларға бұзақылар шабуыл жасауы мүмкін" деген қауіппен шеруге рұқсат бермеген. Македониялық гей-белсенді Славче Дмитров: 

- Үкімет бізге бірінші рет рұқсат бермей отырған жоқ. Мұндайды қою керек, егер үкімет Еуропа Одағына мүше болуға ұмтылса, демократиялық процестерді қолдауы тиіс, - дейді. 

Гей-парадқа қатысқан белсенді Майя Мичич: 

- Біз ешқайда жоғалып кетпейтінімізді көрсеткіміз келді. Біз ешқайда кетпейміз, Белград көшелерінде жүреміз, бүгін кешке парад өткіземіз. Мемлекет пен қоғам бізге дұрыс қарамайынша, шеру өткізе береміз, керек болса, күнде, жылдың 365 күнінде парад өткізетін боламыз, - дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!