Рио-де-Жанейрода ресейлік студент өлтірілді

Фотография - Рио-де-Жанейрода ресейлік студент өлтірілді

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында ресейлік студент өлтірілді. Таныстары оның 17 жастағы студент Сергей Даньшин екенін таныды

240 0

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында ресейлік студент өлтірілді. Таныстары оның 17 жастағы студент Сергей Даньшин екенін таныды, деп хабарлады РБК.

 

Жас адамның денесін жергілікті тұрғын Марика ауданындағы арнаның маңынан тапты. Ол оқтан үш рет жараланған. Шамасы оны өлтіру мақсаты тонау болмаған, өйткені ақшасын, ұялы телефонын және несиелік картасын ешкім алмаған.

Жергілікті полицейлер С.Даньшиннің төрт досымен бірге жұма күні кеште жергілікті бардың бірінде болғанын анықтады. Олардың бәрі де кейін үйге оралған. Бірақ та С.Даньшин белгісіз себеппен жалғыз өзі қайтадан үйден шығып кеткен. Бұл оның арна жағасында белгісіз жағдайда қазаға ұшырауына себеп болған.

Ресейдің Бразилиядағы елшілігіне болған оқиға хабарланған, және қазір елшлік тексеру барысын қадағалауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!