Италияда Берлускони ықпалымен үкімет дағдарысы туды

Фотография - Италияда Берлускони ықпалымен үкімет дағдарысы туды

Экс-премьер Сильвио Берлускони басқаратын "Еркін халық" партиясы атынан сайланған бес министр Италия үкіметі құрамынан шығатындарын, яғни отставкаға кететіндерін мәлімдеді

208 0


Экс-премьер Сильвио Берлускони басқаратын "Еркін халық" партиясы атынан сайланған бес министр Италия үкіметі құрамынан шығатындарын, яғни отставкаға кететіндерін мәлімдеді. 


Жұма күні кешке министрлер Еуропа Одағының талабы бойынша Италия бюджетінің тапшылығын азайту үшін салықтарды көбейту мәселесін талқылап, бір мәмілеге келе алмаған. Берлускони өзі басқаратын партия атынан сайланған министрлерді "Үкімет салықты көбейту жоспарын тоқтатпаса, отставкаға кетуге" шақырған. 

Италия премьер-министрі Энрико Летта "келесі апта парламент алдында үкіметке сенім вотумы туралы мәселе қоятынын" мәлімдеді. 

Үкіметтегі коалиция дағдарысы парламентте Берлускониді депутат мандатынан айыру туралы мәселе көтерілгеннен кейін басталған еді. Мандат төңірегіндегі дау Сильвио Берлускони "салықтан жалтарды" деген айыппен 4 жылға сотталғаннан кейін шықты.

Бақылаушылардың болжамынша, Летта кабинетіндегі дағдарыс Италияда жаңа сайлауға немесе үкіметте жаңа коалиция құруға ұласады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!