Нигерияда содырлар ондаған студентті өлтірді

Фотография - Нигерияда содырлар ондаған студентті өлтірді

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йоба штатында 29 қыркүйекте исламшыл содырлар колледж жатақханасына шабуылдап, ондаған студентті атып өлтірді. Содырлар колледж жатақханасына студенттер ұйықтап жатқанда басып кірген

229 0

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йоба штатында 29 қыркүйекте исламшыл содырлар колледж жатақханасына шабуылдап, ондаған студентті атып өлтірді. Содырлар колледж жатақханасына студенттер ұйықтап жатқанда басып кірген.

Дәрігерлердің хабарлауынша, 40 студент қаза тауып, 5 студент жараланған. Содырлар бұдан өзге колледждің бірнеше кабинетіне өрт қойып кеткен.

Шабуылды экстремистік "Боко харам" тобы мойнына алды. Нигерия президенті Гудлаг Джонатан шабуылды айыптап, елде ислам заңдарын орнатқысы келетін "Боко Харам" тобының іс-әрекетін сынады.

2009 жылдан бері Нигерияда зорлық-зомбылық пен террорлық шабуылдан бір жарым мыңнан аса адам мерт болған.

Биылғы жылдың басында содырлар мектептер мен университеттерге шабуылдайтындарын мәлімдеген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!