Путин лаңкестерді жазалаудың тың тәсілін тапты

Фотография - Путин лаңкестерді жазалаудың тың тәсілін тапты

Ресей президенті Владимир Путин лаңкестердің әрекеттерінен келген зардаптардың орнын толтыруды олардың туыстарына жүктейтін заң жобасын Мемлекеттік Думаның қарауына енгізді

128 0

Ресей президенті Владимир Путин лаңкестердің әрекеттерінен келген зардаптардың орнын толтыруды олардың туыстарына жүктейтін заң жобасын Мемлекеттік Думаның қарауына енгізді.

Қазіргі уақытта лаңкестік актілердің шығындарын лаңкестің өзі (егер ол тірі болса) немесе мемлекет өтейді. Путиннің заң жобасы бойынша, тергеу органдары лаңкестік жасаған адамның туыстарының табыстарының заңдылығын тексеруге құқылы. Егер олардың табыстарының лаңкестікпен қатысы бар болса, лаңкестіктің зардаптарын жою қылмыскердің туыстарына жүктеледі.

Бұған қоса, Путин лаңкестікке оқытқанды және оқығанды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды және 500 мың рубль айыппұл төлеуді міндеттеуді ұсынып отыр. Лаңкестік ұйым құрғандар да осындай жазаға тартылады. Заңсыз әскери құрылымға кіргендер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ал өз еркімен лаңкестіктен бас тартқандар бұрын-соңды басқа қылмысқа қатысы болмаса, жауапкершіліктен босатылады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!