Қырғызстанда қазір 20 мемлекеттік, 2 жекеменшік театр бар

Фотография - Қырғызстанда қазір 20 мемлекеттік, 2 жекеменшік театр бар

Қырғыз елінде театрлар жаңа қойылымдарды сахналаған кезде үкіметтен көмек күтпей, бәрін өз қаржысымен жүзеге асырады

241 0

Қырғыз елінде театрлар жаңа қойылымдарды сахналаған кезде үкіметтен көмек күтпей, бәрін өз қаржысымен жүзеге асырады.

Бұл туралы Т. Абдымомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының директоры, Қырғыз Республикасының ел артисі Марат Алышбаев бүгін Алматыда Қазақстандағы Қырғызстан күндеріне орай өткізген баспасөз мәслихатында айтты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Екі жылдан кейін құрылғанына 90 жыл толғалы отырған біздің театр биылғы жаңа маусымды 8 қазанда қалыптасқан дәстүр бойынша «Манастың ұлы Семетей» деген эпостың негізінде жазылған пьесамен ашамыз. Оның қойылғанына былтыр 30 жыл болды. Өткен театр маусымда жаңадан 4 қойылымды сахналадық. Соның біреуі - бүгін сіздерге ұсынылғалы отырған Шатман Садыбакасовтың «Ақ боз ат» тарихи драмасы. Оның қоюшы режиссері Қырғыз Республикасының ел артисі Замирбек Сооронбаев», - дейді М. Алышбаев. Оның айтуынша, қырғыз елінде қазір 20 мемлекетттік , 2 жекеменшік театр бар. Халық театрларының бәріне кәсіби театр деген мәртебе берілген. Олар қойылымдар қою мен театрды жалға беруден тапқан ақшаға жаңа пьесаларды сахналайды. Академиялық театр биыл күзден бастап жер-жердегі халық театрларының қызметкерлерін тәжірибеден өткізіп, біліктілігін көтеруді қолға алмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!