HRW: Ресей Greenpeace белсенділерін босатсын

Фотография - HRW: Ресей Greenpeace белсенділерін босатсын

Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Ресей билігін Greenpeace экологиялық ұйымының қамаудағы 30 белсендісін дереу босатуға шақырды

249 0

Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Ресей билігін Greenpeace экологиялық ұйымының қамаудағы 30 белсендісін дереу босатуға шақырды.

HRW таратқан мәлімдемеде ұйым сарапшысы Татьяна Купер Ресейдің Greenpeace белсенділеріне "қарақшылық жасады" деп айып тақпақ болған әрекетін "өрескел заң бұзушылық" деп атады.

Greenpeace-тің 30 белсендісі өткен айда Arctic Sunrise кемесімен Арктикадағы Ресей мұнай платформасына наразылық танытуға бара жатқанда ұсталып, Мурманск портына жеткізілген. Белсенділер Ресейдің Арктикадан мұнай өндіруіне қарсылық білдірмек болған.

Кейін Мурманск соты белсенділерді тергеу аяқталғанша екі айға қамаған - деп хабарлады azattyq.org

Ресей билігі оларға "ұйымдасқан қарақшылық жасады" деп айып тағылатынын ескерткен.

Белсенділерге әзірге ешқандай айып тағылған жоқ.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!