Томскіде әлемдегі ең кішкентай ескерткіш орнатылды

Фотография - Томскіде әлемдегі ең кішкентай ескерткіш орнатылды

Томскіде әлемдегі ең кішкентай ескерткіш орнатылды. Қоладан жасалған саяхатшы бақа мүсінінің ұзындығы небәрі 4,5 см

529 0

Томскіде әлемдегі ең кішкентай ескерткіш орнатылды. Қоладан жасалған саяхатшы бақа мүсінінің ұзындығы небәрі 4,5 см.

Бұл ескерткіш Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін.

Ескерткішті жасауды жергілікті шебер Олег Кислицкий қолға алған. Басында ол әлемдегі ең үлкен мүсінді жасамаққа әрекеттенген, алайда шетелдік әріптестерінің жасаған өнерін зерттей отырып, 153 метрлік Будда мүсініне тең келетін ескерткіш салу қолыман келмейтіндігін мойындаған - деп хабарлады ҚазАқпарат

Шағын бақа мүсінін жасап шығару үшін ол бір айға жуық уақыт жұмсаған. Алдымен гипстан сұлбасын жасап, кейіннен қоламен құйған.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!