Иран Израильдің таққан айыбын жоққа шығарды

Фотография - Иран Израильдің таққан айыбын жоққа шығарды

Иран Израильдің «ядролық қару жасау туралы жоспары бар» деген айыбын жоққа шығарып отыр.

228 0

Иран Израильдің «ядролық қару жасау туралы жоспары бар» деген айыбын жоққа шығарып отыр.

Елдегі ядролық бағдарлама бейбіт мақсатқа негізделген. Иран делегациясының өкілі БҰҰ-ның бас ассамблеясы кезінде Израиль Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхудің Иранға қатысты айтылған сөзіне сын айта отырып, жауап берді. Сондай-ақ, ол Израильдің өзінде жаппай қырып-жою қаруларының барлық түрі бар болса да, бұл елдің қаруларға  тыйым салатын ешбір келісімдерге қатыспайтынын айта кетті.

Ходадад СЕЙФИ, Иран делегациясының өкілі:

- Иранның ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатта қызмет етеді. Ешкім Иранға нені жасап жасамауын бұйыра алмайды. Ядролық қаруды таратпау келісімінің қатысушысы ретінде біз өз құқығымыз бен міндеттерімізді жақсы білеміз. Таяу Шығыстағы осы келісімге қосылмай қалған жалғыз ел Израиль осы мәселелермен жақсылап танысқаны жөн.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!