Царнаевтың адвокаттары сотқа шағым түсірді

Фотография - Царнаевтың адвокаттары сотқа шағым түсірді

"АҚШ-тағы Бостон марафонындағы жарылысты жасады" деп айыпталған Джохар Царнаевтың адвокаттары оны қамауда ұстау шартын жеңілдетуді сұрап, сотқа шағымданды

132 0

"АҚШ-тағы Бостон марафонындағы жарылысты жасады" деп айыпталған Джохар Царнаевтың адвокаттары оны қамауда ұстау шартын жеңілдетуді сұрап, сотқа шағымданды.

Адвокаттары Царнаев "сыртқы әлемнен толық оқшауланған және бұл оны қорғау ісіне кері әсер етеді" дейді.

Шағымда адвокаттар Царнаевқа прокуратура талабымен терроризммен айыпталғандарға қолданылатын қатаң шектеу шаралары тағайындалғанын жазады. Адвокаттардың айтуынша, Царнаевпен өздерінен басқа ешкім жолыға алмайды, ақпарат құралдары мен телефонды пайдалануға шектеу қойылған.

15 сәуірде Бостонда марафон аяқталар тұста болған жарылыс салдарынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланған. Полиция мен қауіпсіздік күштері осы жарылысқа күдікті деп жариялаған ағайынды екеудің бірі - 26 жастағы Тамерлан Царнаев сәуірдің 19-ына қараған түні полиция ұстамақ болған кезде қаза тапқан. Оның інісі 19 жастағы Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні қала шетінде қолға түсті.

Бостон жарылысына қатысты екі қазақстандық - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа "тергеу ісіне кедергі келтірді, айғақтарды жасырды" деген айып тағылды. Адвокат Аркадий Бух «Азамат Тәжаяқовтың ақталу мүмкіндігі жоғары» екенін айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!