Британияда Меккеге жалған жолдама сататын алаяқтар көбейген

Фотография - Британияда Меккеге жалған жолдама сататын алаяқтар көбейген

Британдық мұсылман жамағаты қажылыққа бару үшін жолға жиналып жатқан кезде ел билігі Меккеге жалған жолдама сатып жүрген алаяқтардың көбейгені туралы ақпарат таратты.

209 0

Британдық мұсылман жамағаты қажылыққа бару үшін жолға жиналып жатқан кезде ел билігі Меккеге жалған жолдама сатып жүрген алаяқтардың көбейгені туралы ақпарат таратты.

«Бұл – адамға өмірінде бір-ақ рет берілетін мүмкіндіктен қағатын ауыр қылмыс»,– деп атап көрсетті Лондон қаласының құқыққорғау органының полиция капитаны Стив Хед ел билігінің ақпаратына сәйкес жасаған мәлімдемесінде.

Осыдан соң британ қажылық кеңесі Лондон полициясымен бірігіп, «Қажылық саласындағы алаяқтық жайлы ақпарат» атты науқанды бастап кеп жіберді.

Жалған жолдамаға байланысты британдық қажылық кеңесі алаяқтардың шырмауына түсіп қалған діндес бауырларына полицияға шағымдануға кеңес берді. «Мәселенің мәнісі: адамдар көбінесе өзге себептермен полицияға шағымданып жатпайды»,- деді осы кеңестің жетекшісі Рашид Муградия.

Бір айта кетерлігі, Лондон полициясы өздерінің сайтында бірнеше тілде қажылыққа барғысы келетін адамдарға қатысты алаяқтық жайлы ақпараттарды қамтыған шағын кітапшаны жарыққа шығарды. 


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!