Боливияда есірткі саудалаушылар ұшақтан 1 млн. долларды лақтырып жіберді

Фотография - Боливияда есірткі саудалаушылар ұшақтан 1 млн. долларды лақтырып жіберді

Боливия билігінің хабарлауынша, есірткі саудалаушылардың бандасы төмен қашықтықта ұшып келе жатқан ұшақтан 1 млн. АҚШ доларынан астам ақша салынған сөмкені лақтырып жіберген

130 0

Боливия билігінің хабарлауынша, есірткі саудалаушылардың бандасы төмен қашықтықта ұшып келе жатқан ұшақтан 1 млн. АҚШ доларынан астам ақша салынған сөмкені лақтырып жіберген.

ВВС-дің жазуынша, Санта-Крус провинциясының шығысында түрлі номиналдағы доллар банкнотындағы ақшаны бандының өзге мүшелері алуы тиіс болған екен. Алайда, олардың бұл жоспары жүзеге аспай, ақша толы сөмкені боливиялық есірткіге қарсы күрес полициясы тәркілеп, қайтар жолда бірнеше адамды тұтқындаған көрінеді.

Белгілі болғандай, банкноттардың кейбір бумасында көршілес Парагвай банкінің мөрі басылған екен.

Боливия кокаин есіртікісін өндіру көлемі бойынша алғашқы үштіктің қатарына еніп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!