Ливияда Ресей елшілігіне шабуыл жасалды

Фотография - Ливияда Ресей елшілігіне шабуыл жасалды

Ливия астанасы Триполидегі Ресей елшілігіне белгісіз біреулер оқ жаудырып, оның аумағына өтпек болған.

163 0

Ливия астанасы Триполидегі Ресей елшілігіне белгісіз біреулер оқ жаудырып, оның аумағына өтпек болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылға он шақты адам қатысқан. Оқиға орнына келіп жеткен Ливияның қауіпсіздік күштері олардың бірін атып өлтіріп, тағы төртеуін жаралаған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, шабуыл жасағандар елшілік ғимаратын атып қана қоймай, оның алдында тұрған көлікті өртеген. Қауіпсіздік күштерінің араласуынан кейін олар оқиға орнынан қашып құтылған. Осыған орай, Ливияның уақытша үкіметінің басшысы Али Зидан мен елдің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мұхаммед Абдель-азиз елшілікке келді. Олар дипломатиялық өкілдік ғимаратына келтірілген шығынды бағалап, елдің қауіпсіздік күштеріне елшілікті қорғаудағы көмегі үшін алғыс білдірді.  


Тегтер:

Ливия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!