Италияда кеме суға батып, 134 адам қаза тапты

Фотография - Италияда кеме суға батып, 134 адам қаза тапты

Италияның оңтүстігінде бейсенбіде 500-ге жуық мигрант мінген кеме суға батып, 134 адам қаза тапты. 200-ден астам адам жоғалғандар қатарына жатқызылды

165 0


Италияның оңтүстігінде бейсенбіде 500-ге жуық мигрант мінген кеме суға батып, 134 адам қаза тапты. 200-ден астам адам жоғалғандар қатарына жатқызылды.

Әуелде қаза тапқандар саны 94 адам деп хабарланған. Бірақ құтқарушылар кеме ішінде қалып қойған тағы 40 адамның денесін тапты.

Жолаушылардың біразы кеме Лампедуза аралы маңында жүргенде техникалық ақау туындап, өртене бастағанда жағаға жүзіп шыққан. Құтқарушылар 150 адамды судан аман алып шыққан.

БҰҰ-ның босқындар ісі агенттігінің хабарлауынша, мигранттардың көпшілігі Эритрея мен Сомали азаматтары болған. Италия үкіметі 4 қазанды қаралы күн деп жариялады.

Лампедуза - Тунис пен Сицилияның арасында орналасқан арал, әрі ол Еуропа елдеріне кемемен баратын мигранттар үшін негізгі өткел қызметін атқарады.

30 қыркүйекте Сицилия маңындағы қайраңға кемелері тұрып қалып, 13 мигрант суға батып кеткен еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!