Германияның тағы бір аймағы исламға ресми мәртебесін берді

Фотография - Германияның тағы бір аймағы исламға ресми мәртебесін берді

Бремен және Гамбург қалаларынан соңын ала Төменгі Саксония жері де ислам дінін ресми дін деп жариялады

185 0

Бремен және Гамбург қалаларынан соңын ала Төменгі Саксония жері де ислам дінін ресми дін деп жариялады.

Жергілікті билік өкілдері түрік-мұсылман одағының бөлімше бастығы Йылмыз Қылышпен және Германияның алевиттік федерациясының мүшесі Хұсейн Матпен кездескеннен кейін келісімшарттың өзінше бір түрі болып табылатын «конкордатқа» қолдарын қойды.

Мұсылман ұйымының өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұл «конкордат» билік орнының мұсылмандармен қарым-қатынасына байланысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Асыл дініміздің ресми мойындалуы имамдарға түрме, аурухана, мектеп секілді мекемелерде діни қызметін жүргізуге, сондай-ақ, қалада мұсылмандардың өз алдына бөлек бейітін ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мешіт тұрғызуда жеңілдік қарастырылады.

Бұған қоса, мұсылмандардың айтулы Ораза айт пен Құрбан айт мерекелерінде мұсылмандар тынығатын болады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!