«Әл-Шабааб» өзіне «шетелдік жасақ» шабуылдағанын айтты

Фотография - «Әл-Шабааб» өзіне «шетелдік жасақ» шабуылдағанын айтты

Исламшыл фундаменталистердің «Әл-Шабааб» тобы өткен түні Сомалидегі нысандарының біріне «шетелдік әскер күші» шабуыл жасап, топ мүшелерінен бір адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеме жасады

232 0


Исламшыл фундаменталистердің «Әл-Шабааб» тобы өткен түні Сомалидегі нысандарының біріне «шетелдік әскер күші» шабуыл жасап, топ мүшелерінен бір адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеме жасады.

«Әл-Шабааб» шабуыл жасағандардың Могадишо қаласынан оңтүстікке қарай 180 шақырым жердегі Бараве қаласына тікұшақпен келгенін айтады. Бірақ шабуылдың неліктен дәл сол қалада болғаны туралы ешқандай дерек жоқ.

Өткен айда «Әл-Шабааб» тобы Сомалимен көршілес Кения астанасындағы ірі сауда орталығына жасалған шабуылды мойнына алып, оны «Сомалидегі халықаралық бітімгершілік операцияларына Кенияның да қатысқаны үшін жасағанын» мәлімдеген еді.

Канада, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Нидерланды және АҚШ үкіметтері Найробидегі үш күн бойы жүргізілген арнайы операция барысында қаза тапқан 67 адамның арасында өз азаматтары барын хабарлаған - деп хабарлады  azattyq.org

2009 жылы қыркүйекте Бараве қаласында АҚШ теңіз жаяу әскерінің арнайы жасағы жүргізген операция кезінде оққа ұшқан қарулы алты адамның арасында «Әл-Қаида» ұйымының Африканың шығысындағы қолбасыларының бірі, іздеуде жүрген Әли Салех Набхан да болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!