Сауд Арабиясында әдепсіз бейнебаян түсірген жігіт 10 жылға сотталды

Фотография - Сауд Арабиясында әдепсіз бейнебаян түсірген жігіт 10 жылға сотталды

 Сауд Арабиясының соты араларындағы біреуі жалаңаш билеген бейнебаянды ғаламторға орналастырғаны үшін төрт жігітке дүре соғуға пәрмен беріп қана қоймай, ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырды

135 0

 Сауд Арабиясының соты араларындағы біреуі жалаңаш билеген бейнебаянды ғаламторға орналастырғаны үшін төрт жігітке дүре соғуға пәрмен беріп қана қоймай, ұзақ жылға бас бостандықтарынан айырды.

Жазаға кесілген жігіттер, олардың арасындағы біреуі жалаңаш күйінде автокөліктің үстіне шығып билегендерін видеоға түсіріп, ғаламторға орналастырған көрінеді.

Сот жалаңаш билеген жігітке ауыр жаза кесті. Ол он жылға бас бостандығынан айырылса, екеуіне дүре соғылып, 13 мың долар айыппұл салынды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Мемлекеттік айыптаушылар олар жеңіл жазамен құтылып кетті деп есептейді. Бейнебаян түсіреміз деп жазықты болған пақырлар істі қайта қарату үшін шағымдануға құқылы екенін айта кету керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!