Дубай «ислам экономикасының» орталығы болмақшы

Фотография - Дубай «ислам экономикасының» орталығы болмақшы

Дубай қаласында (БАЭ) эмират мегаполисін «ислам экономикасының орталығына» айналдыру жөніндегі бастаманың тұсауын кесу рәсімі болып өтті

254 0

Дубай қаласында (БАЭ) эмират мегаполисін «ислам экономикасының орталығына» айналдыру жөніндегі бастаманың тұсауын кесу рәсімі болып өтті.

Атап айтқанда, Эмират билігі Дубайды ислам нормаларына сәйкес қаржының, азық-түлік сатудың, білім мен туризмнің орталығы жасау бағытында белсене жұмыс жасамақшы.

БАЭ Вице-президенті, елдің премьер-министрі және Дубай эмиратының басқарушысы шейх Мохаммед бин Рашид Аль Мактум жобаның ашылу салтанытында сөз сөйлеп, осы бағыттағы кейбір қадамдар туралы айтып берді.

Дубай басшысы осы мақсатқа жетудегі алты бастаманы атады. Олар: «Сукук» (облигацияға исламдық балама), «Ре-Такафул» (сақтандыру), Халал парктер (халал өнеркәсібінің аймағы), халалды сертификаттау жөніндегі жеке компания, исламдық сандық экономика, сондай-ақ шариат пен ислам экономикасының стандарттары негізінде басқа да қаржы қызметтерін дамыту болып табылады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Инфраструктураның дамығандығы, Таяу Шығыстың орталығындағы ыңғайлы жерде орналасуы, саяси тұрақтылығы мен бизнесті дамытуға ашық жағдай жасалғандығы аталған жобаны іске асыруда Дубайдың пайдасына шешіліп тұрғандығын айта кеткен жөн.


Тегтер:

Дубай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!