Венесуэла: шетелге - саусақ таңбасымен

Фотография - Венесуэла: шетелге - саусақ таңбасымен

Венесуэла үкіметі валютамен алаяқтыққа жол бермеу үшін шетелге шығатын ел тұрғындарының саусақ таңбаларын алуды жоспарлауда

130 0

Венесуэла үкіметі валютамен алаяқтыққа жол бермеу үшін шетелге шығатын ел тұрғындарының саусақ таңбаларын алуды жоспарлауда.

Шетелге шығатын венесуэлалықтар шетелдік валютаны неғұрлым төмен бағаға сатып ала алады. Алайда кейбіреулер валюта бағамындағы айырмашылықтардан пайда тапқысы келеді, олар шетелге баруға билет сатып алады да, ешқайда бармайды, долларды қара базарда үстеме бағамен қайта сатып, табыс табады. Мұндай «саяхатшылар» кейде 700 пайызға дейін пайда көреді.

Енді Венесуэла билігі оның жолын кесу үшін шетелге шығатындарға несие картасының жаңа схемасын ойластыруда, мұндай карталар оны сатып алған адамдардың шетелде нақты болғаны қуатталған кезде ғана пайдаға асады.

Мұндай  жаңалыққа қарсы болғандар, бұл адал саяхатшыларды қиындыққа ұшыратады деп санайды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қазір Венесуэлада инфляцияның өсуі қарқыны жоғары болып отыр, сүт сияқты негізгі өнімдер жетіспейді, тіпті дәретхана қағазына дейін қат болып кетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!