Швецияда Нобель апталығы басталады

Фотография - Швецияда Нобель апталығы басталады

Бүгін Швеция астанасында Нобель апталығы басталады, оның барысында әлемге физиология және медицина, физика және химия, бейбітшілік және экономика саласындағы Нобель сыйлығы жаңа лауреаттарының есімдері белгілі болады

220 0

Бүгін Швеция астанасында Нобель апталығы басталады, оның барысында әлемге физиология және медицина, физика және химия, бейбітшілік және экономика саласындағы Нобель сыйлығы жаңа лауреаттарының есімдері белгілі болады, деп хабарлады  "Внешнеэкономические связи" журналының ресми сайты.

Нобель апталығының алғашқы үш күні жаратылыстану ғылымдарына арналмақ. Ал медицина және физиология саласындағы лауреаттар бүгін белгілі болады.  Бірқатар ДНК зерттеулерін жүргізген Иерусалимдегі Еврей университетінің ғалымдары осы мәртебелі сыйлыққа ие болады деп күтілуде.

8 қазанда сейсенбі күні физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары аталады. Үміткерлер арасында шотландиялық физик Питер Хиггс бар. Химия саласындағы лауреаттар арасында Ресейден шыққан Валерий Фокин  болуы мүмкін деген болжам бар.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!