Жапонияда кептелістермен күрес орталығы құрылады

Фотография - Жапонияда кептелістермен күрес орталығы құрылады

Жапония астанасында жолдағы ахуалды мониторингілеу және болжау орталығы құрылатын болды. Оны құрудағы мақсат –2020 жылғы Олимпиадалық ойындар кезінде Токионың туристер ағынын және транспорттық желідегі тұйықталуларды еңсеруді «ақылды» жүйе арқылы басқару

157 0

Жапония астанасында жолдағы ахуалды мониторингілеу және болжау орталығы құрылатын болды. Оны құрудағы мақсат –2020 жылғы Олимпиадалық ойындар кезінде Токионың туристер ағынын және транспорттық желідегі тұйықталуларды еңсеруді «ақылды» жүйе арқылы басқару. Бұл туралы ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Day.az хабарлайды.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жаңа орталықтың мамандары жол бойындағы кептелістер жөнінде мәліметтер жинап, метеоқызмет болжамдарын пысықтап отыратын болады. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы жиі болатын аумақтарды анықтауды басты басымдық ретінде белгілейді.

Бұдан бөлек, орталық үйлестірушілері әлеуметтік желілердің көмегімен нақты уақыт режимінде мәліметтер жинайды. Өз кезегінде бұл деректердің барлығы арнайы компьютерлік бағдарламаға жүктеліп, қаладағы қозғалыстың тәуліктік үлгілеуінен өтетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!