Жетім балаларға 180 метрлік халал кәуап дайындалды

Фотография - Жетім балаларға 180 метрлік халал кәуап дайындалды

Татарстанның астанасы Қазан қаласында әлемдегі ең ұзын кәуап әзірленді. Халал еттен дайындалған тағамның бұл түрі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін таратылады.

233 0

Татарстанның астанасы Қазан қаласында әлемдегі ең ұзын кәуап әзірленді. Халал еттен дайындалған тағамның бұл түрі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін таратылады.

Жетімдерді жебеуге арналған бұл шара Euro-Asia Expo-2013 көрмесі аясында қолға алынып отыр. Ұзындығы 180 метрге жететін ерекше кәуап Ресейдің және Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Алып кәуапты пісіруге 200-ге тарта адам атсалысқан көрінеді. 200 келі етті отқа қақтау үшін жарты тонна көмір жағылған. Дәмі тіл үйірген тәтті кәуапты ұйымдастырушылар Нұрлат ауданындағы жетімдер үйіне жөнелткен.

Қайырлы қадамға ұйытқы болғандардың айтуынша, кәуап шариғат талаптарына сай халал еттен әзірленген. Аталмыш акция наным-сенімі өзге адамдарға халал өнімдерді насихаттауға үлес қосады.

Кәуап ұзындығы жөнінен әлемдік рекорд бұған дейін де біршама елдерде орын алған болатын. Мәліметтерге мән берер болсақ, Йошкар-Олада 157 метрлік, ал Киев пен Рига қалаларында 150 метрлік, сондай-ақ, Ивановта 140 метрлік, Қарашай-Шеркесте 120 метрлік кәуап дайындалған.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!