Британияда «Федералды тергеу бюросы» баламасы құрылды

Фотография - Британияда «Федералды тергеу бюросы» баламасы құрылды

Британияда бүгіннен бастап жаңа құрылым – Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттік (National Crime Agency, NCA) өз жұмысын бастады

213 0

Британияда бүгіннен бастап жаңа құрылым – Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттік (National Crime Agency, NCA) өз жұмысын бастады. Reuters ақпаратына сілтеме жасап Newtimes.kz агенттігінің хабарлауынша, әлемдік баспасөз қазірдің өзінде оны америкалық Федералды тергеу бюросының (ФТБ) баламасы деп айдарлауға көшкен.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, жаңа ведомство ұйымдасқан қылмыс, экономикалық құқық бұзушылық және киберқылмыстылық, ел шекарасының күзеті және балаларды қорғау мәселелерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, ол, осы бағыттардың барлығы бойынша полицияның барлық деңгейлерімен ынтымақтасып қызмет атқарады.

Жаңа құрылым бірнеше ведомстволардың қосылуы арқылы жүзеге асқан. Қазіргі таңдағы штаттық әлеуеті 4500 кісіні құрайды. Ұйымды Уорикшир графтығы полициясының бұрынғы басшысы Кит Бристоу (Keith Bristow) басқарады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!