Демалыс күні Үндістанда 32 адамға найзағай түсіп мерт болды

Фотография - Демалыс күні Үндістанда 32 адамға найзағай түсіп мерт болды

Үндістанның Бихар және Джаркханд Солтүстік штаттарында өткен демалыста 32 адам найзағай соғудың құрбаны болды

265 0

Үндістанның Бихар және Джаркханд Солтүстік штаттарында өткен демалыста 32 адам найзағай соғудың құрбаны болды. Қаза тапқандардың тоғызы бала, деп хабарлайды Sky News. Жаңбыр мен қатты соққан жел көп үйді жермен жексен еткен.

Барва ауылында алты бала футбол алаңында ойнап жүріп, қаза тапса, келесі ауданда бес адам егістікте жұмыс істеп жүріп мерт болды. Супаул өңірінде жергілікті мектеп директорына найзағай түсіп көз жұмған.

Маусым айынан бастап Үндістанда найзағай ойнап, муссондық жаңбыр кезеңі жалғасуда.

Еске сала кетейік, өткен жылы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында шіркеулердің бірін найзағай соғып, салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған болатын.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!