Алып көліктердің сайысы қайғылы аяқталды

Фотография - Алып көліктердің сайысы қайғылы аяқталды

Мексикада өткен алып көліктердің сайысында қайғылы оқиға орын алып, 13 адам көз жұмды

177 0

Мексикада өткен алып көліктердің сайысында қайғылы оқиға орын алып, 13 адам көз жұмды.

Дөңгелегінің диаметрі 1,5 метр болатын алып жол талғамайтын көлік иесі тізгінді игере алмай көрермендердің тобын басып өткен. Алдымен 6 адам көз жұмды деп хабарланғанымен кейін үйінділердің астынан тағы төрт жанның мәйіті табылды. Ал, үш көрермен ауруханада жан тәсілім еткен. 70 адам жараланғандардың тізімінде. Олардың оны ауыр халде дейді дәрігерлер. Бұл жайында ИТАР-ТАСС хабарлайды.


Айта кетейік, Чиуауа фестивалі Мексикада жыл сайын өткізіледі. Көрермендер авиашоу, мотокросс және алып көліктер байқауын көру үшін осылайша бастарын қауіпке тігіп жатады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!