Аргентина президентіне ота жасалады

Фотография - Аргентина президентіне ота жасалады

Бүгін дәрігерлер Аргентина президенті Кристин Фернандес де Киршнертің бас сүйек ішіндегі гематоманы жою үшін ота жасайды

238 0

Бүгін дәрігерлер Аргентина президенті Кристин Фернандес де Киршнертің бас сүйек ішіндегі гематоманы жою үшін ота жасайды деп хабарлайды Еuronews агенттігі.

Президент денсаулығының нашарлауы елдегі парламент сайлауының қарсанында орын алып отыр. Осыған қарағанда, де Киршнер сайлау науқанына белсенді қатыса алмайтын секілді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жағдай оппозицияға тиімді болмақ. Енді президенттік тізгін бір айлық мерзімге Аргентинаның вице - президенті Амадо Будуға көшеді. Былтыр алпыс жастағы Фернандес де Киршнер қалқанша безді жою отасынан кейін де демалыс алуға мәжбүр болған еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!