Иракта мектепті жармақ болған әйел тұтқындалды

Фотография - Иракта мектепті жармақ болған әйел тұтқындалды

Иракта бастауыш мектеп ғимаратына жарылғыш зат орнатып жатқан әйел қолға түсті.

237 0

Иракта бастауыш мектеп ғимаратына жарылғыш зат орнатып жатқан әйел қолға түсті.

Оқиға дүйсенбі күні Мадаин қаласында орын алған. Күдікті әйелді мектеп қарауылдарының бірі байқап қалып, ұстап алған. Кейін әскерилерге өткізіпті - деп хабарлады  baq.kz

Осы жайттан бір күн бұрын Ирактің солтүстігіндегі мектептердің бірінде жарылыс болған еді. Қылмыскерлер шииттер көп шоғырланған аймақта жарылғыш зат орнатылған көлікті жарып жіберген. Салдарынан мектеп ауласында ойнап жүрген 14 бүлдіршін көз жұмды.

Айта отырайық, Иракта уақыт өткен сайын діни көзқарастар шиеленісіп, лаңкестік әрекеттер көбейіп кетті. Шииттерге қарсы соғысты өздерін "сүнниттік" ұйым санайтын "Әл-Каида" жүргізуде. Жыл басынан бері осы лаңкестіктер салдарынан 6 мыңға жуық адам көз жұмған.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!