Грузияда Сочи олимпиадасына байкот жариялауға шақырды

Фотография - Грузияда Сочи олимпиадасына байкот жариялауға шақырды

Грузиялық үкіметтік емес екі ұйым 2014 жылы Ресейде өтетін қысқы олимпиада ойындарына байкот жариялауды талап етіп, қол жинай бастады

169 0

Грузиялық үкіметтік емес екі ұйым 2014 жылы Ресейде өтетін қысқы олимпиада ойындарына байкот жариялауды талап етіп, қол жинай бастады. Байкот жариялау туралы кампанияны Transparency International ұйымының Грузиядағы бюросы мен "Әділ сайлау" ұйымы ұйымдастырып отыр.

Грузия үкіметі осы аптаның басында "Егер Ресей Сочи олимпиадасын шектен тыс саясиландыратын болса, тиісті шара қабылдайтынын" мәлімдеген еді.

Тбилисидің мұндай мәлімдеме жасауына 6 қазанда Мәскеуге жеткізілген олимпиада алауын алып жүру эстафетасында факелді әскери ұшқыш, 2008 жылғы Ресей-Грузин соғысына қатысқаны үшін "Ресей батыры" атағын алған Иван Нечаевтың ұстағаны себеп болды.

Екі ел арасындағы соғыс Ресейдің Грузияның сепаратистік аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияны "тәуелсіз" деп мойындауымен аяқталған.

Бұған дейін Грузия үкіметі екі ел арасының шиеленіскеніне қарамастан Сочиге спортшыларын жіберуге шешім қабылдаған.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!