АҚШ Египетке көмегін қысқартпақ

Фотография - АҚШ Египетке көмегін қысқартпақ

АҚШ Египетке "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастарының қатаң басып-жаншылуы мен демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурсидің биліктен кетірілуіне байланысты әскери және қаржылай көмегін қысқартатын болды

122 0


АҚШ Египетке "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастарының қатаң басып-жаншылуы мен демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурсидің биліктен кетірілуіне байланысты әскери және қаржылай көмегін қысқартатын болды.

Мемлекеттік департаменттің өкілі Джен Псакидің хабарлауынша, президент Барак Обама әкімшілігі Египетте "еркін әрі әділ сайлау арқылы демократиялық үкімет құрылуы тиіс" деп, кейбір әскери және қаржылай көмекті тоқтатқан.

Джен Псаки Египетке миллиондаған доллардың әскери техникалары - танктер, жойғыш ұшақтар, тікұшақтар мен зымырандар жеткізу тоқтайтынын айтады.

Дегенмен Вашингтон Египетке елдің шекарасын қорғау, терроризммен күрес және Синай түбегіндегі қауіпсіздікті сақтауға көмектесе бермек.

АҚШ жыл сайын Египетке 1 миллиард 500 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетеді. Оның көпшілігі әскери салаға бөлінеді - деп хабарлады  azattyq.org

Египет әскерилері "Мұсылман бауырлар" қозғалысы атынан сайланған президент Мұхаммед Мурсиді 3 шілдеде биліктен кетірген еді. Осыдан кейін Мурсидің билікке оралуына талап еткен наразылық шерулері мен қақтығыстарда жүздеген адам құрбан болды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!