Ұсталған Ливия премьер-министрі босатылды

Фотография - Ұсталған Ливия премьер-министрі босатылды

Ливияның мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін қарулы топ ұстап әкеткен Ливия премьер-министрі Әли Зейданның босатылғанын хабарлады. Бірақ агенттік премьердің қалай босатылғаны туралы мәлімет бермеді

195 0

Ливияның мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін қарулы топ ұстап әкеткен Ливия премьер-министрі Әли Зейданның босатылғанын хабарлады. Бірақ агенттік премьердің қалай босатылғаны туралы мәлімет бермеді.

Бүгін таңертең Ливияның бұрынғы көтерілісшілерінен құралған милиция жасағы Әли Зейданды "үкіметтің АҚШ қауіпсіздік күштерінің 5 қазанда Триполиде "Әл-Қаиданың" күдікті жетекшісін тұтқындауға қатысы болғаны үшін ұстағанын" хабарлаған еді. Жасақ Зейдан "прокуратураның ордері бойынша тұтқындалды" деген. Бірақ үкімет премьер-министрді тұтқындауға ешқандай ордер берілмегенін мәлімдеді.

Үкімет премьердің ұрлануын "қылмыс" деп атап, бопсалаушылыққа көнбейтінін ескертті - деп хабарлады azattyq.org

Ливия үкіметі 2011 жылы президент Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін басталған қарулы топтар арасындағы қақтығыстарғмен күресіп келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!