Иракта өлім жазасына кесілген 42 адам өлтірілді

Фотография - Иракта өлім жазасына кесілген 42 адам өлтірілді

Соңғы бірнеше күнде Иракта 42 адамның өлім жазасы орындалды

252 0


Соңғы бірнеше күнде Иракта 42 адамның өлім жазасы орындалды. Елдің әділет министрлігінің мәліметінше, 42 адамның барлығына терроризм айыбы бойынша жаза кесілген. Арасында бір әйел бар.

Ирак үкіметі өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы коалиция ұйымдастырған Өлім жазасымен күрес күні жарияланды.

Биыл Иракта барлығы 132 адам өлім жазасына келісіп, үкім орындалған.

Иракта өлім жазасына кесілгендер әдетте дарға асылады. Халықаралық қауымдастық бұған бірнеше рет қарсылық білдіріп, құқық қорғау ұйымдары Ирактағы сот процестерінің әділдігіне күмән келтірген - деп хабарлады azattyq.org

Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы коалицияның дерегі бойынша, 2012 жылы Ирак өлім жазасы бойынша Қытай мен Ираннан кейін үшінші орынға шыққан.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!