АҚШ Әзербайжандағы президент сайлауын сынады

Фотография - АҚШ Әзербайжандағы президент сайлауын сынады

АҚШ мемлекеттік департаменті Әзербайжанда өткен президент сайлауын "халықаралық талаптарға сай болмады" деп бағалады. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мари Харф Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының Әзербайжандағы сайлауға берген бағасына қолдау білдірді

130 0

АҚШ мемлекеттік департаменті Әзербайжанда өткен президент сайлауын "халықаралық талаптарға сай болмады" деп бағалады. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мари Харф Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының Әзербайжандағы сайлауға берген бағасына қолдау білдірді.

Бакуде 10 қазанда өткен баспасөз жиынында ЕҚЫҰ өкілдері дауыс беру кезінде "елеулі заң бұзушылықтар болғанын" мәлімдеген еді. Бақылаушылар 37 сайлау учаскесінде бюллетеньдер топтап салынғанын, 58 учаскеде дауыстарды санау кезінде заң бұзушылықтар болғанын айтқан - деп хабарлады azattyq.org

Бұған дейін Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы 9 қазанда өткен сайлауда берілген дауыстардың 80 пайызға жуығы саналып болған соң, қазіргі президент Ильхам Әлиевке сайлаушылардың 85 пайызы қолдау білдіргенін жария еткен еді. Ал оппозициялық кандидат Жамиль Гасанлы шамамен 5 пайыз дауыс жинаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!