Ресей сынаған зымыран Сарышағандағы нысанаға тиді

Фотография - Ресей сынаған зымыран Сарышағандағы нысанаға тиді

Ресей 10 қазанда Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан "Тополь" РС-12М құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді.

184 0

Ресей 10 қазанда Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан "Тополь" РС-12М құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Зымыран Қазақстандағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанаға дәл тигені хабарланды.

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратта әскери сынақ Мәскеу уақыты бойынша 17 сағат 39 минутта жасалғаны айтылған.

"Тополь" РС-12М зымыранының қорғаныс жүйесінде қолданысқа енгізілгеніне 25 жыл болған. Бұл жолы зымыран жаңадан қайта жарақтандырылып сыналған. "Сынақтың мақсаты - қолданыс уақыты ұзартылған зымыранның техникалық жарамдылығын тексеру болды" деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!