Бобоназарова президент сайлауынан бас тартты

Фотография - Бобоназарова президент сайлауынан бас тартты

Тәжікстан президенттігіне оппозициядан кандидат Ойнихол Бобоназарова 6 қарашада өтетін сайлауға түспейтін болды

179 0

Тәжікстан президенттігіне оппозициядан кандидат Ойнихол Бобоназарова 6 қарашада өтетін сайлауға түспейтін болды. Бұл туралы ол Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін Бобоназароваға сайлауға түсуге қажетті қол жинау мерзімін бір күнге - 11 қазан күні түнгі сағат 11-ге дейін ұзартқан еді.

Бірақ Бобоназарова Тәжік қызметіне берген сұхбатында сайлауға қатыспайтынын, оның себебін кейінірек баспасөз жиынында хабарлайтынын айтты.

Ойнихол Бобоназарованың кандидатурасын елдегі ең ірі оппозициялық партия - Ислам қайта өрлеу партиясы, Социал-демократиялық партиясы мен қоғамға танымал тұлғалар қолдаған.

Өткен айда Бобоназарова сайлау кампаниясына полиция "кедергі келтіргенін" айтып, шағымданған еді.

Бүгінге дейін президент сайлауына қазіргі президент Эмомали Рахмонды қосқанда барлығы алты кандидат тіркелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!