Берлускони түрменің орынына қоғамдық жұмыс сұрады

Фотография - Берлускони түрменің орынына қоғамдық жұмыс сұрады

Бұл туралы Agence France-Presse ақпаратына сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

234 0

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони салықтық айла-шарғылары үшін өзіне кесілген түрме мерзімін қоғамдық жұмысқа ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Agence France-Presse ақпаратына сілтеме жасап Newtimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, Берлусконидің өтінішін тұрғылықты жері бойынша Рим соты қарайтын болады. Егер сот өкілдері бұрынғы премьердің тілегін қанағаттандырса, алдағы уақытта қоғамдық жұмыстың жалпы сипаты анықталмақшы.

Әзірше айыпкер жазасын өтегісі келетін бірнеше ұйымды атап отыр.

Италия заңнамасына сәйкес сұраным болған жағдайда түрме жазасы 70 жастан асқан сотталушылар үшін үй қамағына немесе қоғамдық жұмыспен алмастырылады. Ал, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде 77-ге толған Берлускони жазасын жұмсартуға үміт ете алады.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!