«Әлем аруы» екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фотография - «Әлем аруы» екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Үндістанның Агра қаласы әкімдігі былтырғы жылы «Әлем аруы» атанған америкалық Оливия Калпоның үстінен қылмыстық іс қозғады.

388 0

Үндістанның Агра қаласы әкімдігі былтырғы жылы «Әлем аруы» атанған америкалық Оливия Калпоның үстінен қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, өткен демалыста 21 жастағы әлем аруы Тәж-Маһал аумағында жарнамаға түскен көрінеді. Әлемнің жетінші кереметі атанып, махаббат аңызына айналған Тәж-Маһал аумағында мұндай шараларға қатаң тыйым салынған. Оливия әлемге әйгілі кесененің алдындағы саябақта фотосуртке түсіп, ерсілеу әрекетімен елдің назарын өзіне аударған екен. Нақтырақ айтқанда, ол британ ханшайымының құрметіне «Диана сәкісі» атанып кеткен сәкіге брендке айналған туфлиін қойған көрінеді.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, екі жыл бас бостандығынан айырылып, 1600 доллар сомасында айыппұл төлейді. Алайда, сарапшылар бұл істің сотқа жетпейтініне сенімді. Өйткені, «Әлем аруын» ұйымдастырушылар үнді халқынан әдепсіздік танытқаны үшін арнайы кешірім сұраған екен.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!