Италияда кеме аударылып, 50 адам ажал құшты

Фотография - Италияда кеме аударылып, 50 адам ажал құшты

Кеше кешке Италияның Лампедуза аралының жағалауында бортында 200-ден астам мигранты бар кеме аударылды. Әзірге 120 адам құтқарылды, 50 адамның мүрдесі табылды. Құтқару операциясы жалғасуда

249 0

Кеше кешке Италияның Лампедуза аралының жағалауында бортында 200-ден астам мигранты бар кеме аударылды. Әзірге 120 адам құтқарылды, 50 адамның мүрдесі табылды. Құтқару операциясы жалғасуда, деп хабарлайды Би-Би-Сидің ресейлік қызметі.

Италия шұғыл қызметтері құтқару операциясын жүргізуде. Италия мен Мальтаның кемелері де зардап шеккендерді жұмыла іздестіруде. Кемінде 120 адам жағалауға жеткізілді.

ANSA Италия агенттігі шамамен 50 адам қаза болды деп хабарлайды, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Кеме бортындағы мигранттардың қай ұлттан болғаны әзірге белгісіз.

Африка жағалауынан 290 шақырым қашықтықта орналасқан Лампедуза аралы - Еуропаға өткісі келетін заңсыз мигранттардың тартылатын негізгі орны.

Өткен аптада бейсенбі күні Лампедуза жағалауынан бортында 500-ге жуық адамы бар тағы бір кеме суға батып кеткен болатын. Олардың 155-і ғана құтқарылды.

Қала тұрғындары көптен бері ЕО және Италия билігі аралдан түсіп қалатын мыңдаған мигранттарды қабылдауды ұйымдастыру жөнінде қажетті шараларды қолға алуға құлықсыз екеніне шағымдануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!