АҚШ-та піл қараушысын өлтірді

Фотография - АҚШ-та піл қараушысын өлтірді

АҚШ-тың Миссури штатындағы хайуанаттар бағында «Patience» (төзімді, сабырлы деген мағына) есімді 41 жасар ұрғашы піл тәжірибелі аң қараушыны өлтірді

157 0

АҚШ-тың Миссури штатындағы хайуанаттар бағында «Patience» (төзімді, сабырлы деген мағына) есімді 41 жасар ұрғашы піл тәжірибелі аң қараушыны өлтірді, - деп хабарлайды BBC-дің орыс қызметі. 

Ал хайуанаттар бағының мамандары ендігі жерде жануарға қандай «жаза» қолдану керектігін де шеше алмай отыр.

62 жатағы Джон Брэдфорд пілді маңайлай бергенде жануар кенеттен артық қимыл жасап, қызметкерді жарақаттайды.

« - Бұл біз үшін өте өкініш жағдай. Әріптесіміздің жануарлармен жұмыс істеуде тәжірибесі жеткілікті болатын» - дейді бақ басшысы Майк Крокер. Дегенмен, директор өз сөзінде пілді ұйықтатпайтындығын атап өткен. Яғни, ол ұйықтататын дәрі салу арқылы жануардың көзін жоюды меңзеп тұрса керек. Өйткені, бұл бақта таяуда ғана «Пинки» есімді кәрі піл бүйрек ауруынан шалдыққаны үшін ұйықтатылған болатын.

Ал «Patience» аталған баққа 1990 жылдары әкелініпті. Бір қызығы осы кезге дейін де пілдің қауіпті қимыл-қозғалысы көрініс берген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!