Үндістанда циклон қаупінен мыңдаған адам көшірілді

Фотография - Үндістанда циклон қаупінен мыңдаған адам көшірілді

Үндістанның шығысындағы Орисса және Андрха-Прадеш штаттарында 400 мыңнан аса адам теңіз жағалауынан қауіпсіз жерге көшірілді. Ауа райы болжамы бойынша, мұхиттан келе жатқан «Файлин» циклоны жағаға сенбі күні кешке жетпекші

244 0


Үндістанның шығысындағы Орисса және Андрха-Прадеш штаттарында 400 мыңнан аса адам теңіз жағалауынан қауіпсіз жерге көшірілді. Ауа райы болжамы бойынша, мұхиттан келе жатқан «Файлин» циклоны жағаға сенбі күні кешке жетпекші.

Үндістандық мамандар циклонның өзегінде жел күші сағатына 220 шақырым болуы ықтимал екенін айтса, АҚШ-тың тайфуннан сақтану жөніндегі біріккен әскери-теңіз орталығы желдің күші сағатына 315 шақырымға жетуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Үндістан билік орындары қатты дауылдан биіктігі үш метр толқын пайда болып, жағалаудағы саз балшықтан салынған үй-жайларды қиратуы мүмкін екенін айтады. Орисса штатының орталығы Бхубанешвар қаласында дауылдан үрейленген жергілікті тұрғындардың азық-түлік жинап қамданып жатқаны туралы хабарланды.

Үндістан мен Бангладештің шығысындағы теңіз жағалауы аймағында жылда сәуір-қараша айларында циклон әсерінен қатты дауылдар жиі тұрады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!