«Бостандық» мүсінінің жабық тұрғанына 11 күн болды

Фотография - «Бостандық» мүсінінің жабық тұрғанына 11 күн болды

АҚШ-тың басты нышаны – «Бостандық» мүсіні елдегі бюджеттік дағдарыстың жалғасуына қарамастан жақын күндері келушілер үшін қайта ашылмақшы

172 0

АҚШ-тың басты нышаны – «Бостандық» мүсіні елдегі бюджеттік дағдарыстың жалғасуына қарамастан жақын күндері келушілер үшін қайта ашылмақшы. Бұл туралы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, - деп хабарлайды Newtimes.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, Нью-Йорк штаты бұл үшін күн сайын монументке жауапты Ұлттық парк қызметіне өз қаражаты есебінен 61,6 мың доллар төлеп тұратын болады. Өйткені, текке қаңтарылып тұрған әрбір күн жергіліктілерді қомақты табыстан қағып отыр.

««Бостандық» бикешінің жабық тұрғанына 11 күн болды. Бұл 2014 жылдың қаржысына арналған федералдық бюджеттің жоқтығына байланысты туындаған түйткіл. Ақ үй мен Конгрестегі оппозиция өткір идеологиялық талас-тартыстың кесірінен ағымдағы бюджеттік дағдарыстан жол тауып шыға алмауда», - деп атап өтеді Newtimes.kz.

Айта кетейік, «Бостандық» мүсіні әдетте аптаның барлық күнінде ашық тұратын. Ресми деректерге сүйенсек, оны көруге күн сайын 7-ден 10 мыңға дейін туристер келіп кетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!