Қытай 2015 жылы екі мың кенішті жабады

Фотография - Қытай 2015 жылы екі мың кенішті жабады

13 қазанда Қытай екі мың ұсақ көмір шахталарын жабатынын мәлімдеді. Бұл шара 2015 жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс. Қытай мұны өлім-жітімі көп өндіріс орындарындағы қауіпсіздік стандарттарын жақсарту үшін істемек

174 0


13 қазанда Қытай екі мың ұсақ көмір шахталарын жабатынын мәлімдеді. Бұл шара 2015 жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс. Қытай мұны өлім-жітімі көп өндіріс орындарындағы қауіпсіздік стандарттарын жақсарту үшін істемек.

Қытай үкіметінің ақпараты бойынша, өндіріс көлемі жылына 90 мың тоннадан аспайтын, қауіпсіздік шаралары жасалмайтын шахталар жабылады. Бұл шахталардан шығатын көмірдің сапасы нашар, әрі бұларда кісі өлімі көп.  

Қытай кеніштердегі кісі өлімінен әлем бойынша бірінші орынға шығып отыр. "Синьхуа" агенттігі таратқан ресми мәлімдеге қарағанда, 2012 жылы көмір шахталарындағы апаттан 1 мың 384 адам өлген. Олардың үштен екісі шағын шахталарды жұмыс істеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!