Файлин дауылынан алты адам қаза тапты

Фотография - Файлин дауылынан алты адам қаза тапты

Таиландтан оңтүстікке қарай бет алған Файлин дауылы Үнді жағалауына дейін жетті. Кемінде алты адам апат құрбаны болды, ондаған адам хабарсыз кетті

278 0

Таиландтан оңтүстікке қарай бет алған Файлин дауылы Үнді жағалауына дейін жетті. Кемінде алты адам апат құрбаны болды, ондаған адам хабарсыз кетті, деп хабарлайды korrespondent.net.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, билік миллионға жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Қазіргі уақытта желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетеді.

Андхра-Прадеш штатының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссарының сөзіне қарағанда, негізінен осынша қатты жел екпініне шыдамайтын лашық үйлер мен ескі үйлер зардап шегеді.

Теңіздегі толқынның биіктігі сегіз метрге жетеді. Әскерилер бірнеше балық аулайтын траулердің жоғалып кеткені туралы хабарлауда, 20 теңізшінің тағдыры белгісіз.

Үндістан билігі "қызыл" - ең жоғарғы қауіптілік деңгейін жариялады. Бірнеше ауданда электр қуаты жоқ, пойыздар жүрмейді, әуежайлар жабылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!