Иракта жарылыстан 12 адам өлді

Фотография - Иракта жарылыстан 12 адам өлді

Ирактың Самарра қаласының базары маңында жарылғыш зат толтырылған көлік жарылып, кем дегенде 12 адам қаза тапты

148 0

Ирактың Самарра қаласының базары маңында жарылғыш зат толтырылған көлік жарылып, кем дегенде 12 адам қаза тапты. 

Жарылыс 12 қазан күні болған. Базарға бұл күні Құрбан айт кезінде соятын мал іздеп көп адам келген.

Жергілікті полиция 30-дан астам адамның жараланғанын хабарлады. Әзірге жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Иракта сәуір айынан бері, Хавиджа қаласында наразылық акциясына шыққан сүнниттерді қуып таратқаннан кейін мұндай бірнеше жарылыс болды. Бұл терактілерден 5 мыңнан астам адам қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!