Сирияда Қызыл Крест қызметкерлері қолды болды

Фотография - Сирияда Қызыл Крест қызметкерлері қолды болды

Сирия солтүстігіндегі Идлиб провинциясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қызметкерлері қолды болды

244 0

Сирия солтүстігіндегі Идлиб провинциясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қызметкерлері қолды болды.

Осы ұйым баспасөз хатшысының айтуынша, белгісіздер қолды қылған бұл адамдардың арасында бір сириялық ерікті болған. Қалған адамдардың азаматтығы туралы баспасөз хатшысы мәлімет беруден бас тартып, ұрланған адамдардың босатылуын талап еткен.

Әзірге ешкім оқиға жауапкершілігін мойнына ала қойған жоқ. Бұдан алдын жергілікті мемлекеттік БАҚ Қызыл Крест ұйымы көлігіне қарулы шабуыл жасалып, ұйым қызметкерлері қолды болғанын хабарлаған. БАҚ оқиғаға Башар Асад режиміне қарсы көтерілісшілерді айыптаған - деп хабарлады  azattyq.org

Қызыл Крест қызметкерлері Сирия солтүстігіне медициналық көмек жеткізіп Дамаскіге қайтып келе жатқанда қолды болды.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!