Мәскеудегі тәртіпсіздікте 400-дей адам ұсталды

Фотография - Мәскеудегі тәртіпсіздікте 400-дей адам ұсталды

Жексенбіден дүйсенбіге ауған түні Мәскеудің Батыс Бирюлево ауданындағы тәртіпсіздікте 380 адам ұсталды. Оқиға кезінде ұлтшылдық ұранын көтерген жастар көшеде тұрған көліктерді ұрып сындыра бастаған

152 0

Жексенбіден дүйсенбіге ауған түні Мәскеудің Батыс Бирюлево ауданындағы тәртіпсіздікте 380 адам ұсталды. Оқиға кезінде ұлтшылдық ұранын көтерген жастар көшеде тұрған көліктерді ұрып сындыра бастаған.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, мұның алдын жиналғандар 25 жастағы жергілікті тұрғын Егор Щербаковтың өліміне кінәліні табуды талап еткен. Соңынан радикалды жастар дүкендерді сындырып, көшені жауып тастаған. Олар Щербаков мигранттардың бірінің қолынана қаза тапты деп санайды.

Осыдан кейін Батыс Бирюлеводаға «Бирюза» сауда орталығының маңына ондаған адам жиналып, миграциялық саясатты күшейтуді талап еткен. Оларды полиция қоршауға алғанда қақтығыс болды - деп хабарлады  azattyq.org

Қақтығыста зардап шеккендер бар.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!